Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің ісі сотқа берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің ісі сотқа берілді

Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің ісі сотқа берілді

Қарағанды облысының прокуратурасы экс-премьер-министр Серік Ахметовке қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және

  • 13 Шiлде 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz

кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарағанды облысының прокуратурасы экс-премьер-министр С.Н. Ахметовке, облыс экс-әкімі Б.Т. Әбдішевке, Қарағанды қаласының экс-әкімі М.А. Смағұловқа және басқа да облыс әкімшілігінің лауазымды қызметкерлері мен  коммерциялық ұйымдардың қызметкерлеріне (барлығы 21 адам) қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады.

Сондай-ақ С.Н. Ахметов аса ірі көлемде пара алғандығы үшін де айыпталып отыр.


2015 жылғы 13 шілдеде жоғарыда аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін Қарағанды облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Айыпталушылар сотқа берілді», — делінген хабарламада.