Электронды саудадан қанша қазақтандық зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электронды саудадан қанша қазақтандық зардап шекті

Электронды саудадан қанша қазақтандық зардап шекті

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды коммерцияда құқық қорғауды жетілдіру туралы айтты.

  • 22 Маусым 2021
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Пандемия электронды коммерцияда құқықтарды қорғауды жетілдіру қажетілігін көрсетті. Тек 2020 жылы министрлікке интернет-дүкендер мен онлайн қызметке байланысты 689 адам жүгінді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 13,2 млн теңге қайтарылды», — деді Б. Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, 2021 жылдың бес айында 556 адам жүгінген, оларға 7 млн теңге қайтарылды.

«Осыған байланысты тұжырымдама жобасында бөлек бөлім қарастырылған. Онда электронды сауда тұтынушыларының құқықтарын қорғауды күшейту тетіктері ескерілген. Осы орайда электронды сауда қатысушыларының құқықтары мен міндеттері нақты айқындалады», — деді министр.


Осы орайда ол аталған тұжырымда жобасын талқылауға қатысуға шақырды, құжат министрлік сайтында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар