Элиталық тұрғын үй түгі қалмай жанып кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Элиталық тұрғын үй түгі қалмай жанып кете жаздады

Элиталық тұрғын үй түгі қалмай жанып кете жаздады

Астанада шенеуніктер мен дөкейлер тұратын элиталық тұрғын үйден өрт шықты! Төтенше оқиға мереке күні күшейтілген тәртіпке көшкен құтқарушыларды біраз әбігерге салды.

  • 17 Желтоқсан 2013
  • 216
Фото - Caravan.kz

Екінші қабаттан таңда тұтанған тілсіз жау қас-қағым сәтте 12-ші қабатқа  дейін жеткен. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен бойда қызыл жалынның ортасында қалып қойған 82 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Құдай сақтап көк түтінге уланғандар жоқ. Баспаналары түгі қалмай жанып кете жаздаған ауқатты отбасылар жедел-жәрдемнен де бас тартуда. Барлығы бүрсең қағып далада жүр. Болжам бойынша, өрт лифт шахтасынан шыққан. Ал жалынды ауыздықтау жұмысына төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың өзі жетекшілік етті. Онысы бекер емес сияқты. Себебі отқа оранған бұл элиталық үйде дөкей шенеуніктермен қатар депутат Абай Тасболатов та  тұратынға ұқсайды.


Рүстембек Әмірен, Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:

-Өртті 1 сағаттың ішінде толық өшірдік. 21 техника мен жеке құрамнан 125 адам жұмылдырылдық. Дегенмен біраз қиындықтар  болды. Тұрғындар есіктің алдына айналдыра көліктерін қойып тастаған. Аулаға кіре алмай уақыт жоғалтып алдық.