Элвис Преслидің сағаты, Курт Кобейннің гитарасы және Джек Воробейдің компасы сатылымға түседі
![]() |
Лондонда танымал адамдарға тиесілі болған жәдігерлерді сатылымға шығарудың жаңа маусымы басталды. |
Мадоннаның корсеті, Элвис Преслидің алтын сағаты, Курт Кобейннің сынық гитарасы, Джек Воробейдің компасы және көптеген басқа да құнды заттар Ұлыбритания астанасында өтетін Christie's аукционында сатылады.
Nirvana-ның "Smells Like Teen Spirit" әнінің клипі кезінде Курт Кобейн сындырған гитара үшін 24-40 мың доллар алу көзделген.
Бұл бас-гитараны Nirvana-ның басисті Крист Новоселич 1991 жылы клиптің түсірілімі үшін арнайы сатып алған. Сондықтан топ мүшелері онда ойнағаны, не ойнамағаны белгісіз.
Бәссауданың топ-лоттарының бірі Мадонның танымал сахналық костюмі - белгілі дизайнер Жан-Полем Готьенің қолынан шыққан корсеті болмақ. Әнші 1990 жылы әлемдік турне барысында өнер көрсеткен корсеттің құны 10-15 мың фунд стерлингке (16-24 мың доллар) бағалануда.
Сауданың ең қымбат лоты Disney студиясының ең алғашқы мультфильмдерінің бірі - «Пиноккиоға» арнап салынған Густаф Тенгреннің суреті болады. Ол 72,3 мың долларға бағаланып отыр. Кино реквизиттерінен аукционға сондай-ақ, Индиана Джонстың қамшысы және Джек Воробейдің компасы шығарылады.
Саудаға барлығы 160 құнды жәдігер қойылады. Аукцион 29 қараша күні Лондонда өтеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін