«Министрлік қызметкерлерін бір шетелдік мұнай компаниясының мүддесіне лобби жасады деп айыптауда: лауазым иелерінің қылмыстық әрекетсіздігінің салдарынан мемлекет шамамен 41 млрд теңгеден айрылып қалған. Бірақ күдіктілоердің аты-жөндері мен қазақстандық шенеуніктер қамын күйттеп жүрген шетелдік компанияның атын атаудан қаржы полициясындағылар бас тартты», -деп хабарлайды телеарна.
Телеарнаның ақпаратына сәйкес, «бұл жерде «Қаражанбасмұнай» компаниясы туралы сөз болып отыр деген жорамал жасауға негіз бар, бұл компания Маңғыстау облысындағы бір мұнай кенішін игеруде. Компанияның қожайыны — Қытайдың «СИТИК» атты мемлекеттік инвестициялық корпорациясы, ал ол кезінде кенішті канадалық мұнайшылардан сатып алған».
«»Қаражанбасмұнайдың» салық төлеуден жалтару дерегін қаржы полициясының тергеушілері қаңтар айында тіркеген — ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаевтың баяндамасында 40 млрд 900 млн теңге деген қаржы аталған», -деп хабарлайды телеарна.
«»Қаражанбасмұнай» компаниясының іс-қызметі құқық қорғаушы және қадағалаушы органдардың жіті назарына бұдан бұрын да іліккен. Қаржы полициясы мұнай өндірудегі түрлі заң бұзушылықтар үшін қылмыстық істер қозғаса, еліміздің Бас прокуратурасы қауіпсіздік техникасын бұзу, тіпті кәсіпорында қазақстандық жұмысшыларды алалау деректерін тіркеген болатын», -деп еске салады телеарна.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаржы полициясының мәліметінше, тергеу барысында «Қаражанбасмұнай» компаниясы акционерлерінің «СИТИК» компаниясы тарапынан жер қойнауын пайдалану құқығын сатуда акция құнының өсімінен шамамен 41 млрд теңге көлемінде салық төлеуден жалтару дерегі анықталған».
Осы орайда еске салсақ, қаржы полициясы «ҚР Қылмыстық кодексінің 315 бабының 4 тармағы (қызмет бабындағы әрекетсіздік) бойынша ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің лауазым иелерінің шетелдік компанияға артықшылық беру үшін және өз бас пайдалары үшін қызмет бабындағы міндеттерін орындамауы салдарынан компания бюджетке салық төлемей, мемлекетке 40,9 млрд теңгенің шығынын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті