Жарияланды: 390

Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін Душанбеде өтетін ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысына қатысушылар талқылайды

Алматы. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін Душанбеде өтетін ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысына қатысушылар талқылайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасы мен ШЫҰ Банкаралық ынтымақтастығы кеңесінің отырыстары Тәжікстанда аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларының саммиті қарсаңында болады. Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының хабарлауынша, ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысы Душанбеде 26 тамызда болады. Кездесу барысында қатысушылар энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін, туризмді дамыту, сондай-ақ, ауыл шаруашылық проблемаларын талқыға салады деп күтіліп отыр. Тәжікстанның "Амонатбанк" мемлекеттік жинақ банкінің хабарлауынша, ШЫҰ Банкаралық ынтымақтастық кеңесінің отырысы Ходжентте 24-27 тамыз аралығында өтеді. Отырысқа қатысушы ШЫҰ елдерінің банк мекемелерінің өкілдері банк мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылайтын болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін