Эпилепсияны ғаламтор арқылы айықтырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эпилепсияны ғаламтор арқылы айықтырмақ

Эпилепсияны ғаламтор арқылы айықтырмақ

Бүгін – эпилепсияға қарсы күрестің халықаралық күні. Осыған орай елімізде Neuro Web (Неуро Веб) деп аталатын әлеуметтік желі ашылды. Жобаның мақсаты – неврологиялық сырқатқа шалдыққан, соның ішінде эпилепсиямен ауыратын жандарға қолдау көрсету.

  • 10 Ақпан 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда талма ауруымен 45 мың науқас тіркелген. Олардың 40 пайызы балалар екен. Бұған дейін қоғамда эпилепсия жазылмайтын ауру деген пікір қалыптасқан болса, енді мамандар дер кезінде үздіксіз емделсе, дертті жеңуге болады дейді. Жаңадан ашылған желіде науқастар медициналық мәліметтермен алмасып, «онлайн-дәрігерден» ақысыз кеңес алады. Мұнда, сонымен қатар, базаны пайдаланушылардың жағдайы мен дәрілердің кері әсері туралы жазбалар сараптамадан өткізілмек.

Руфат Зулпакаров, Алматы қаласының тұрғыны:

Еліміздегі жастардың жартысынан көбі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Бұл бастаманың эпилепсияға шалдыққандарға тигізер көмегі зор. Әлеуметтік желіде бос сөз айтып, қандай да бір фильмді талқылағанша,сырқатына дауа іздеген жандарға кеңес беріп, пікір алмасқан дұрыс деп ойлаймын.