«Екатеринбор-Алматы» жолының учаскелері жабық - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Екатеринбор-Алматы» жолының учаскелері жабық

«Екатеринбор-Алматы» жолының учаскелері жабық

 Бүгін таңертең Жамбыл облысы аумағындағы жаңбыр мен көктайғаққа байланысты республикалық жолдың учаскесі жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК мәліметінде хабарланды.

  • 10 Ақпан 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда  «Екатеринбор-Алматы» жолының 1858-2005 шақырымында орналасқан Балқаш қаласы мен Жамбыл облысы шекарасына дейінгі аралық, сонымен қатар осы жолдың  2005-2153 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Бурылбайтал аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Мұнымен қоса қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағындағы боранға байланысты «Екатеринбор-Алматы» жолының 856-917 шақырымындағы СҚО шекарасы мен Жақсы ауылы учаскесінде жол жабық.