Көрпеге оралған сәби өткен жұмада оттегінің жетіспеуінен қаза болды, деп хабарлады сенбіде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
"Ата-анасының айтуына қарағанда, сәби ұйықтап жатып көрпеге оранып қалған. Бұл оқиға бақытсыз жағдай ретінде тіркелді, бірақ полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда", деді ол.