Екі аптаның ішінде Жапониядағы Кюсю аралында 1000-нан астам жер сілкінісі орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі аптаның ішінде Жапониядағы Кюсю аралында 1000-нан астам жер сілкінісі орын алды

Екі аптаның ішінде Жапониядағы Кюсю аралында 1000-нан астам жер сілкінісі орын алды

14 сәуірден кейін соңғы екі аптада оңтүстік-батыстағы жапониялық Кюсю аралында  қуаттылығы 1 магнитудадан асатын, адамға сезілетін ең кемі 1 009 жер сілкінісі орын алды. 

  • 28 Сәуiр 2016
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы сейсмологиялық қызметтің функцияларын атқаратын ұлттық Метеорологиялық басқармасынан хабарлады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, мұнда көтеріңкі сейсмикалық белсенділік сақталған. Дегенмен күн сайын жерасты дүмпулері азайып келеді.  Осылайша, егер 15-17 сәуір аралығында күн сайын мұнда 100-ден астам жер сілкінісі болса,  26 сәуірде 30 жерасты дүмпуі тіркелді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 49 адам жер сілкінісінің құрбаны болды. 1 000-нан астам адам жарақаттанды, деп жазды tass.ru.