Екі бірдей мектеп директоры парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі бірдей мектеп директоры парамен ұсталды

Екі бірдей мектеп директоры парамен ұсталды

Шымкентте бір күннің ішінде екі бірдей мектептің директоры парамен ұсталды. Біреуі лаборантты жұмысқа қабылдау үшін қомақты қаржы алған. Араға директордың орынбасары делдал болыпты.

  • 15 Ақпан 2014
  • 1049
Фото - Caravan.kz


Шымкенттегі №68-ші мектептің директоры мен орынбасары 310 мың теңгені бөлісіп жатып ұсталса да, мұны пара емес, жұмысқа кірген қыздың "сыйлығы" деп бет бақтырмай отыр. Ал, екіншісі мектептің басшысы бұдан азырақ ақшаны қалтасына басып жатқанда қолға түскен. Шұбар мектебінің директоры вахтерді толық ставкаға алу үшін 10 мың теңге сұрапты. Оқу ордасының басшысын қаржы полицейлері өзі басқарып отырған мектеп алдынан ұстаған. Қазір, үш әйелге  қатысты қылмыстық іс қозғалды.