Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған оқиға бақылау камерасына түсіп қалған еді. Экс-шенеунік таныс қыздың сөмкесінен ақша алып, қалтасына тығады. Артынша сөмкенің иесі Айсұлу Жачина 1 миллион 800 мың теңгем ұрланды деп сотқа шағымданған. Ал Мусин өзінің рұқсатымен бар-жоғы шотты жабу үшін 4 жарым мың теңге алдым деуден танбады. Бірақ судья жапа шегушіні қолдап ұрланған ақшасын толық қайтару жөнінде шешім шығарды. Енді шартты жазаға кесілген Қобыланды Мусин тұрғылықты мекен-жайын өзгертпеуі керек. Арнайы органның рұқсатынсыз жұмыс істеуге де болмайды. Ең бастысы, оған енді көңіл көтеру орындарына баруға да рұқсат жоқ.