Екі мыңнан астам этникалық қазақ Қытайдан шығуға рұқсат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі мыңнан астам этникалық қазақ Қытайдан шығуға рұқсат алды

Екі мыңнан астам этникалық қазақ Қытайдан шығуға рұқсат алды

Қытайда тұратын 2 мың этникалық қазақ бұл елден шығуға рұқсат алды. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2018
  • 875
Фото - Caravan.kz


«Дипломатиялық арналар арқылы Қытай тарапымен жұмыс жүріп жатыр. Қытай тарабы ізгі ишара ретінде Қытай аумағынан 2 мыңнан астам қазақтың шығуына рұқсат берді», — деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ мәліметінше, қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде бірқатар этникалық қазақ Қазақстан аумағында тұрып жатқан туыстарымен қауышты. Қытай тарабы ҚХР азаматтығынан шығу тәртібін жеңілдетті. Атап айтқанда, биылғы тоғыз айда 2,5 мың қазақ Қытай азаматтығынан шығу құжатын рәсімдеді.