"Екі қазақтың бірін-бірі сабап жатқаны ерсі көрінеді": Желіде өзбекстандық қазақпен болған бокс жекпе-жегі сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екі қазақтың бірін-бірі сабап жатқаны ерсі көрінеді": Желіде өзбекстандық қазақпен болған бокс жекпе-жегі сынға қалды

"Екі қазақтың бірін-бірі сабап жатқаны ерсі көрінеді": Желіде өзбекстандық қазақпен болған бокс жекпе-жегі сынға қалды

Журналист Жолымбет Мәкіш Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында өзбекстандық қазақ пен қазақстандық боксшының шаршы алаңда кездесуін сынға алды. 

  • 1 Қараша 2021
  • 132
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Cпортта бәсеке болғаны дұрыс шығар. Түбі біреуі жеңуі керек. Бірақ сонау жерде (Белградта) болып жатқан жарысқа жарқ етіп шыққан қазақтың екі жігітінің орын үшін, атақ үшін бірін-бірі аямай, айызы қанғанша сабап жатқаны да ерсі көрінеді екен. Дәл сөйтіп шетелдегі бір финалда кездесіп қалған қазақ жігіттері бір-біріне ығысып жол беріп (інісі ағасына беріле салса) жатса, әсері тіпті керемет болатын еді ғой деймін… Бірін-бірі қан жоса қылып сабап барып жеңіске жеткеннен сол жақсы емес пе? 2016 жылы ғой деймін, Қытайда өткен жекпе-жекте Қазақстаннан барған Айбек деген жігіт пен Ғабит деген қытайлық қазақ рингке шықты. Екеуі бірін-бірі ұруға қолдары батпай, біразға дейін өтірік алысып жүріп алды. Туысқаншылдық, қаншылдық дейсің бе мұны, сол кезде екеуі күллі қазаққа үлгі болатын керемет іс жасаған болатын. Екеуі сонда бір рет те жұдырық жұмсамапты бір-біріне! Екеуіне кейін қызыл қағаз беріп, алаңнан шығарып жіберді. Ертеңінде бүкіл Қазақстан Ғабит пен Айбекке риза болып қол соқты есесіне. Нағыз қазақылық деп осыны айта керек!",- деп жазды журналист Жолымбек Мәкіш.

Еске салсақ, кеше 92 келі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай Өзбекстандағы этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовтан ұпай санымен жеңілді. Жекпе-жек барысында алдымен Мадияр, кейін Айбек нокдаун алды. Қорытынды есепте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті өзбекстандық боксшыға берді. Бұған дейін Бек Нұрмағамбет (75 келі) пен Нұрлан Сапарбай (+92 келі) жеңіліске ұшыраған болатын.


Соңғы жаңалықтар