Екі жылда мүгедектерге төленетін әлеуметтік жәрдемақы 50 пайызға өсірілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі жылда мүгедектерге төленетін әлеуметтік жәрдемақы 50 пайызға өсірілмек

Екі жылда мүгедектерге төленетін әлеуметтік жәрдемақы 50 пайызға өсірілмек

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы екі жылда 50 пайызға өсіріледі.

  • 17 Наурыз 2014
  • 581
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

"Биыл бірінші сәуірден бастап мемлекеттік жәрдемақыны 12 пайызға, келер жылдың 1-шілдесінен бастап 25 пайызға арттырамыз. Екі жылда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 50 пайызға дейін артады", — деді ол дүйсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.

"Былтыр бірінші топтағы мүгедектің жәрдемақысы 25 мың теңгеден сәл-ақ асатын болса, 2015 жылы 1-шілдеден бастап оның алатын жәрдемақысы 38 мың теңгеден асып-жығылмақ. Оған мемлекеттің арнайы жәрдемақысын қосыңыз. Жалпы, келесі жылдың 1-шілдесінен бастап ол 42 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып отарытн болады", — деп түсіндірді министр.