Екі жылдан бері заңсыз жолмен мұнай сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі жылдан бері заңсыз жолмен мұнай сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Екі жылдан бері заңсыз жолмен мұнай сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Екі жыл бойы мұнайды алып-сатумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

  • 6 Мамыр 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz

Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адамнан тұратын қылмыстық топ Қызылорда және Ақтөбе облыстары аумағында әрекет етіп келген. 2012-2013 жылдары жалпы құны 356 млн теңгеден асатын 54 вагон мұнай және мұнай өнімдерін ешбір құжатсыз сатып алған және сатқан көрінеді.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық жолмен табылған қаражаттың 236 млн теңгесі төрт жалған кәсіпорын арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылыпты.


Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, арнайы прокурордың жетекшілігімен тергеу амалдары жүріп жатыр.