Екібастұз ГРЭС-2 экологиялық жобасын іске асырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз ГРЭС-2 экологиялық жобасын іске асырмақ

Екібастұз ГРЭС-2 экологиялық жобасын іске асырмақ

 Екібастұз ГРЭС-2 кәсіпорны жыл соңына дейін жалпы құны 165 млн теңгелік экологиялық жобасы іске асырмақ.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 767
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорын баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба негізінде өндіріс қалдықтарын сақтайтын полигон салу көзделіп отыр.

«Жоба бойынша полигонда қауіптілігі 4-ші және 5-ші деңгейдегі қалдықтар сақталмкақ», — делінген хабарламада.

Жерді ластамау мақсатында жолға қиыршық тас төселіп, полигон аумағы қоршауға алынады және жасыл-желек егіледі.

«Үш мыңнан астам ағаш пен бұта егу жоспарланып отыр. Ауаны ластамас үшін толған секцияларды жабу көзделген. Жер астындағы су көздерін сақтау жағы да қарастырылған», — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.