Жарияланды: 340

Екібастұз полицейлері қалалық тұрғыннан апиыны бар шприцтерді алды

Екібастұзда «Көкнәр» жедел-алдын алу операциясын өткізу кезінде 28 жастағы жұмыс істемейтін қалалық тұрғыннан екі дана біржолғы қолданылатын медициналық шприц алынды,

деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Олар өзіндік иісі бар ал қоңыр түсті сұйықтықпен толтырылған. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, бұл зат салмағы 0,42 грамм болған «экстракциялық апиын» есірткілік заты болып табылады. Күдікті азамат Екібастұздың уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін