Екібастұз тұрғындары вагонда түнеп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз тұрғындары вагонда түнеп жүр

Екібастұз тұрғындары вагонда түнеп жүр

Қаладағы жағдай оңалған жоқ. 

  • 2 Желтоқсан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жылусыз қалған екібастұздықтар үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Олардың көбі туыстарын жағалап жүр, енді бірі қонақүйлерге орналасқан. Қазір қалада 14 жылыту орыны жұмыс істеп тұр. Қалаған жандарға сол жерде қонып, ыстық тамақпен қамтылуға жағдай жасалған. Оның бірі теміржол бекетінде жасақталды. Күні кеше осындағы 4 вагонда 12 адам түнеп шықты.  Мұнда әлі 58 үй жылусыз қалып отыр. Мамандар бүгін 41 үйге жылу беруге уәде берді.