Екібастұзда дүлей дауыл тұрғындарды мол шығынға батырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда дүлей дауыл тұрғындарды мол шығынға батырды

Екібастұзда дүлей дауыл тұрғындарды мол шығынға батырды

Екібастұзда қатты дауыл тұрып, тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Ұшқан қаңылтыр шатыр мен сынған бұтақтар ауладағы көліктерді басып қалған.

  • 7 Шiлде 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

Екпіні секундына 25 метрге дейін соққан жел екібастұздықтарды есеңгіретіп тастады. Дүлей дауылдан орталықтағы мына бес қабатты үйдің шатыры жұлынып, ауладағы бірнеше көлікті зақымдаған. 300 шаршы метр шатыр мемлекеттік бағдарлама аясында осыдан бірнеше жыл бұрын жөндеуден өткен екен. Ол үшін жұрт 15 млн теңгесін жинап берген. Тұрғындар жұмыстың сапасыз атқарылғанын бұған дейін айтқан еді. Бірақ нәтиже болмапты. Енді, міне, істің шала болғаны көрініп қалды.