Екібастұзда Пәкістан азаматына қарақшылық шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда Пәкістан азаматына қарақшылық шабуыл жасалды

Екібастұзда Пәкістан азаматына қарақшылық шабуыл жасалды

Павлодар. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұзда Пәкістан азаматына қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы бүгін Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 496
Фото - Caravan.kz

Полиция мәліметінше, 38 жастағы шетелдікке Екібастұз-Астана тас жолының бойында қарақшылық шабуыл жасалған. Пәкістан азаматы өзінің «Мерседес — Бенц» көлігімен келе жатып, біраз аялдап демалуға ұйғарған кезде төрт жігіт шабуыл жасаған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Қылмыскерлер жәбірленушіден құны 600 мың теңге тұратын қымбат қол сағатын шешіп алып, көлігін айдап әкеткен», -деп хабарлайды департаменттегілер. Жігіттердің бірі шетелдікке пышақ ала жүгірген кезде жәбірленуші қашып үлгерген. Ол болған оқиға жайлы жол полициясының қызметкерлеріне хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Пәкістан азаматының автокөлігі оқиға орнынан 10 шақырым жерде Астана бағытынан табылған. Көліктің артқы әйнегі сындырылып, көлік ішінен DVD-монитор, сандық фотоаппарат пен үш ұялы телефон ұрланған.

Шұғыл іздестіру шараларының барысында күдіктілер бірнеше сағаттан кейін Шідерті ауылының маңында ұсталды. Ұрланған заттар тәркіленді. Қазір төрт жігіт уақытша тергеу қапасында отыр. Алдын-ала мәліметке сәйкес, Пәкістан азаматы шеккен шығын көлемі 3,5 млн теңгені құрайды.

ІІД-нің нақтылауынша, жәбірленуші, Пәкістанның Пишин қаласының тумасы Алматыда «Шарам»ЖШС директоры болып істейді. Ол Павлодар облысында іссапармен жүрген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті