Екібастұзда жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда жаңа әкім тағайындалды

Екібастұзда жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президент Әкімшілігі мен екібастұздық қалалық мәслихаттың келісімімен Қайрат Нүкенов Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың өкімімен Екібастұз әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

  • 29 Сәуiр 2016
  • 384
Фото - Caravan.kz

Қ.Т. Нүкенов 1970 жылы туылған, еңбек жолын «Железин» кеңшарының №2 бөлімшесінің жұмысшысы болып бастады. 1992-1997 жылдары «Марат және компания-2» орынбасары, «Бағдар-маркетинг» кәсіпорнының директоры, 1997-2012 жылдары «Павлодар-Темір» ЖШС, «Индустрия-Плюс» ЖШС кәсіпорнының директоры «Нукер» ӘКК төрағасы болды. 2012-2013 жж. Железин ауданының әкімі, 2013 жылы Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақсу қаласының әкімі болды.

Өңір басшысы жаңа әкімнің алдына бірінші кезектегі міндеттерді қойды.

«Екібастұздың әлеуеті жоғары. Сондықтан Елбасы Н. Назарбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспарында алға қойған міндеттерді шешу қажет, индустриялық-инновациялық даму аясында қаланың барлық әлеуетін іске асырып, темір жол кластерін құру, ірі кәсіпорындар айналасындағы өндірістерді дамыту бойынша жұмыстарды күшейту қажет. Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін тиімді дамытып, белсенді пайдалану қажет. Экологиялық жағдайға баса көңіл бөліп, өнеркәсіптік қалада экологиялық жағдайды жақсарту үшін барлық шараларды қабылдау қажет», — деді облыс әкімі.