Жарияланды: 430

Екібастұздағы 1-ші ГРЭС қыс-күз маусымаралық максимум кезінде 2340 МВт электр қуатын өндіруге кіріседі

Екібастұз. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұздағы 1-ші ГРЭС қыс-күз маусымаралық максимум кезінде 2340 МВт электр қуатын өндіруге кіріседі. Бұл туралы бүгін президент әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов станцияға келген кезде кәсіпорынның өндіріс жөніндегі директоры Мәди Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, қазір станцияның 3, 4, 5 және 7 энергоблоктары жұмыс істеп тұр. Жалпы жүктеме 1520 МВт, резерв - 250 МВт тең. "Қазір біз алтыншы энергоблокты күрделі жөндеуден өткізіп, модернизациялап аяқтап келеміз. Ол іске қосылған кезде қыс-күз маусымаралық максимум кезінде 2340 МВт электр қуатын өндіруге кірісеміз", - деді басшы. Оның хабарлауынша, станция жоспарлы тәртіппен жұмыс істеуде, кәсіпорында 150 мың тонна көлемінде қажетті көмір қоры жасалған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін