Баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия мүшелері екінші деңгейлі банкілерде (ЕДБ) кредиттік желісі бар, дайындық дәрежесі мен сату деңгейі 10 пайыздан кем емес 74 құрылыс нысанын мақұлдады.
Бұдан басқа, 30 қарашаға дейін кредиттік желісі жоқ 37 нысанды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыратын болады.
Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша сұранымның 85 пайызынан кем түспейтін көлемде депозит арқылы қаражатты тоқсан сайын бөлу жолымен қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Мақсатты депозиттер жылына 9 пайызбен 3 жылға бөлінетін болады.
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру жағдайын қарастыра келе, мемлекеттік комиссия мүшелері жылына 11 пайыздық мөлшерде — 1 млн. теңгеден 120 млн. теңгеге дейінгі көлемде қаржыладырылатын шағын және орта бизнестің жаңа жобаларын іске асыруға ғана қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Бұдан басқа, мемлекеттік комиссия мүшелері әлеуметтік маңызды мәні бар инвестициялық жобаларды қайта қаржыландырудың нақты талаптарын анықтады. Жобалар займ мерзімі 5 жылдан кем емес және қаржы көлемі 5 млн. АҚШ долларынан кем болмауы тиіс. Бүгінгі күні қайта қаржыландыру көлемінің жалпы құны 400 млн. АҚШ долларынан астамды құрайтын, 18 жоба ұсынылды.
Сондай-ақ, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға үмітті жобаларды қарау тәртібі қаралып, өтінім түрі, техникалық-экономикалық негіздемеге негізгі талаптар, сондай-ақ Сарапшылар кеңесінің құрамын құру мәселесі талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті