"Ел арна" тоқтатылып, оның жиілігі "24 KZ" жаңалықтар арнасына берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ел арна" тоқтатылып, оның жиілігі "24 KZ" жаңалықтар арнасына берілді

"Ел арна" тоқтатылып, оның жиілігі "24 KZ" жаңалықтар арнасына берілді

"Ел арна" ұлттық телеарнасы бүгіннен бастап Қазақстан аумағында хабар таратуын тоқтатады.

  • 18 Наурыз 2014
  • 906
Фото - Caravan.kz

Оның жиілігі "24 KZ" жаңалықтар арнасына өтті.

"18 наурыздан бастап "24 KZ" арнасы Қазақстан аумағының ауқымды бөлігінде хабар таратады», — делінген "24 KZ" сайтында.

Осылайша жаңалықтар телеарнасы Қазақстан аумағының 98,8% бөлігін қамтиды.

"24 KZ" телеарнасы 2012 жылы 1 қыркүйекте іске қосылды. Бірінші кезеңде ол «Отау ТВ» спутникті телеарнасының абоненттеріне, сондай-ақ кабельді хабар тарату бойынша қызмет көрсетті.

Бастапқыда «Хабар-2» деп аталған "Ел Арна" телеарнасы 2000 жылы наурыз айында «Хабар» агенттігі» АҚ хабар тарату шеңберінде мемлекеттік тілдегі алғашқы ұлттық арна болып құрылды.

Алғашқы күннен бастап команда еліміздің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі туралы бағдарламаларды, ойын шоуларын, бірегей музыкалық бағдарламаларды эфирге шығарды.


2002 жылдың қыркүйек айынан бастап телеарна «Тіл туралы» заң нормаларына сәйкес «Ел арна» деген жаңа атаумен екі тілде хабар таратуға өтеді.

2006 жылы телеарна форматы гуманитарлық-танымдық болып белгіленеді. 2008 жылы "Жас Отан" съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел арна» жанынан жастар-спорттық арнасын құру туралы тапсырма берді.