Ел болып іздеген талдықорғандық қос құрбы Алматыға қыдырып кеткен екен - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел болып іздеген талдықорғандық қос құрбы Алматыға қыдырып кеткен екен

Ел болып іздеген талдықорғандық қос құрбы Алматыға қыдырып кеткен екен

4 тәулік бұрын Талдықорғанда жоғалған 14 жасар Айдана Қожабаева мен оның 15 жасар құрбысы Нарғыз Жолдасбаева табылды, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

  • 4 Мамыр 2014
  • 573
Фото - Caravan.kz

«Оқушы қыздар бүгін түске дейін Алматыдан табылды. Екеуі де дін аман қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Қыздардың айтуынша, олар Алматыны көру үшін Талдықорғаннан өз еріктерімен кетіп қалған», -дейді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

К. Нұрахметтің сөзіне қарағанда, қос құрбыны қазір Алматыдан Талдықорғандағы өңірлік ІІД-ге апара жатыр. Қыздар тек ұялы телефонын қосқаннан кейін ғана табылыпты. Бұған дейін олардың телефондары үнемі сөндірулі тұрған.

Еске сала кетейік, Талдықорғандағы мектептің 8 және 9-сынып оқушылары 29 сәуірде жоғалып кеткен болатын. К. Нұрахметтің айтуынша, қыздарды іздеуге 200 полицей, 150-дей әскери қызметкерлер, сыныптастары мен мұғалімдерінен құралған 200-ден аса еріктілер жұмылдырылған.