Жарияланды: 380

Елбасы "Air Astana" авиакомпаниясының қызметін сынға алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев рейстерді жиі кешіктіретіндігі үшін ірі авиатасымалдаушы Air Astana-ның қызметін сынға алды.

" Эйр Астананың" қызметіне қатысты наз көп. 2009 жылы әр 8-ші рейс кешіктірілсе, 2010 жылы әр 10-шы рейс кешіктірілді. Бұл реніш туғызып отыр",- деді ол жұмада Астанада қаланы дамыту мәселелері жөніндегі жиында. "Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз, басты проблема - ұшақ жетіспейді", деді Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев президенттің ескертуіне жауап берген кезінде. "Бәріне жауаптарың даяр. Бар ұшақтар неге кешіктіріледі?" - деп ренішін білдірді Елбасы. "Air Astana" -ұлттық "Самұрық-Қазына" қоры мен ағылшындық BAE Systems PLC бірлескен кәсіпорны, үлестері сәйкесінше, 51% және 49% акция.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін