Елбасы Ақордада жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ақордада жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді

Елбасы Ақордада жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 19 Қараша 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Рашид Түсіпбековті қабылдады.

Бас прокурор президентті еліміздегі заңдылықтар мен құқықтық тәртіптің сақталуы жөнінде, сондай-ақ прокуратура органдарының ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы бүгін сондай-ақ, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сатыбалды Ибрагимовпен болған кездесуде экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі комиссиясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмысының нәтижелерін талқылады.

«Кездесуде парламенттің 2008 жылға арналған республикалық бюджетті қабылдауға қатысты бірқатар мәселелер жөніндегі жұмысы талқыланды», — деді Сатыбалды Ибрагимов журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті