Жарияланды: 330

Елбасы ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді

Елбасы ел алдында. Жыл аяқталар тұста президент еліміздің жетекші ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді.

Онда президент біраз мәселенің басын шалды. 2012 жылдың оңай болмағынан айтқан Нұрсұлтан Назарбаев келер жылға жоспарларымен да бөлісті. Тілшілердің қойған сауалдары да сан алуан. Оның бірі жолдауда айтылған латын қарпіне көшуге байланысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мынау төңірегімізде Әзірбайжанды қосып жатырмыз ғой. Ең алдымен асықпай комиссия құрып қалай болу керек екенін білу керек. Компьютерге бейімдеу керек.

Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық одаққа өтудің Қазақстанға тиімділігі саясаттағы сан алуан мәселелер бәрі қамтылды сұхбатта. 2050 жылға жоспарланған жолдауда Елбасы жергілікті әкімдерді сайлауға қатысты да тоқталған еді. Президенттің тілшілермен сұхбатын сенбі күні көре аласыздар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жергілікті басқару мәселесі күрделі дүние жүзінде. Әртүрлі елде әртүрлі шешіледі. Түбіне дейін шешіп жатқан ешкім жоқ. Жергілікті жердің ауылдың халық мәселесін әкімдер шешуі керек. Ол үшін әкімнің құқығы болуы керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін