Құжат Қазақстан аумағында ЭКСПО–2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттеуге бағытталған, деп бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түзетулер Бюджет және Салық кодекстеріне, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға енгізіледі.
Бюджет кодексіне енгізілген түзетулер "Астана ЭКСПО 2017" ұлттық компаниясын мақсатты салым түрінде бюджеттен қаржыландыруды қарастырады. Салық кодексіне бұл компанияның корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан босатуға қатысты түзетулер енгізіледі.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» заң ЭКСПО-2017 ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырушы компаниялардың квотадан тыс шетелдік жұмыс күшін тартуы туралы ережемен толықтырылады.