«Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің қазіргі мәселелері қарастырылды және оның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттары талқыланды.
Тараптар сондай-ақ Қашаған кенішін игеру аясында тиянақты әрі үйлесімді жұмысты қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті.