Елбасы ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер өкілдерінің жетекшілерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер өкілдерінің жетекшілерімен кездесті

Елбасы ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер өкілдерінің жетекшілерімен кездесті

Бүгін, 24-наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер өкілдерінің жетекшілерімен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан.

  • 24 Наурыз 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

Кездесуден кейін РФ үкімет басшысы Михаил Фрадковтың хабарлауынша, ЕурАзЭҚ-тың қазіргі ахуалы мен келешегі туралы қызғылықты пікір алмасылды.

«Нұрсұлтан Назарбаев бізді экономиканы дамыту және әлеуметтік қамтамасыздық мәселелері бойынша Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауықымды жұмыстар туралы хабардар етті. Елде әлеуметтік-экономикалық мәселелер табысты шешілуде. Президенттің таяудағы халыққа арнаған жолдауы айрықша мазмұнды құжат болмақ. Ол ел экономикасын пәрменді дамытуға жетектейді. Қазақстанда жалпы ЕурАзЭҚ елдері, соның ішінде Ресей үкіметі үлгі ретінде алып жүзеге асыруға тұратын көптеген қызғылықты ұсыныстар бар»,- деді М.Фрадков.
«Біздің елдердің экономикасы қарқынды дамып келеді. Бұл бізге өзара күш біріктірген жағдайда оңды нәтижеге жетуге болатынына нық сенуге мүмкіндік береді. Біз интеграциялық мүмкіндіктерді мейлінше тиімді пайдалануды жоспарлап отырмыз»,- деді саясаткер.
Ресей үкімет басшысының айтуынша, мемлекетаралық кеңестің кеңейтілген отырысында ЕурАзЭҚ елдері үшін ортақ мүддеге сәйкесетін тағы 20 түрлі мәселе талқыланады.

Перейти к новостям спорта