Жарияланды: 420

Елбасы Франция Президентіне Жирондадағы көлік апатына байланысты көңіл айтты

Елбасы Франция Президентіне Жирондадағы көлік апатына байланысты көңіл айтты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жиронда департаментінде болған автокөлік апатына байланысты Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады,

деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. 
Жеделхатта көп адамның қайтыс болғаны және бірқатар азаматтардың ауыр жарақат алғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев көлік апаты салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін