Жарияланды: 430

Елбасы «Гран-При Абу-Даби Формула-1» финалдық жарысының ашылуына қатысты

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл-Наhаянның шақыруымен «Гран-При Абу-Даби Формула-1» финалдық жарысының кезекті кезеңінің ашылуына қатысты.

Бұл жайлы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы іс-шара барысында жарыстың ашылуына қатысқан бірқатар шетелдік мемлекет басшыларымен кездесу өткізді. Формула-1 - дөңгелектері ашық автокөліктердің айналмалы жолындағы автожарысының әлемдік біріншілігі. Бұл жарыс жыл сайын өткізіледі және Гран-При мәртебесі бар бірнеше кезеңнен тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін