Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министрінің орынбасарына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Х.Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.
— Мені ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. — Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Сіздің және Иран Президентінің өзара сапарларыңыздың арқасында олар қарқынды дамуда, — деді И.Рахимпур.
Сондай-ақ, И.Рахимпур Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.