Елбасы мен РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы мен РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады

Елбасы мен РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 18 Ақпан 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегі, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай да талқыланды.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін қозғады, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаңа сын-қатерлерді талқылады.

Н.Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының арасындағы жоспарлы консультацияларға қатысу үшін келді.