Жарияланды: 500

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға ҚР-ның жаңа үкімет басшысының кандидатурасын ұсынды

Бүгін, 13-маусымда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға ҚР-ның жаңа үкімет басшысы ретінде бұған дейін Павлодар облысының әкімі болған Даниял Ахметовтың кандидатурасын ұсынды ,- деп хабарлайды Астанадан KZ-today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетов Жер Кодексіне байланысты қалыптасқан ахуалға қатысты өзін қызметтен босату туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының өтінішін қабыл алған. Д.Ахметов 1954-жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар индустриалдық институтын тәмамдаған, мамандығы - құрылысшы-инженер, экономика ғылымдарының кандидаты. 1993-1997-жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі, 1997-99 жылдарда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 1999-жылдың қазан айынан 2000-жылдар аралығында ҚР үкімет басшысының орынбасары орынтағында өнеркәсіп, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация, көші-қон және демографиялық саясат мәселелерін жауаптанды. 2000-жылдың желтоқсан айынан 2001-жылдың қарашасы аралығында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болды. 2001-жылдың қараша айынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть