Елбасы Өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар болды

Елбасы Өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар орын алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 30 Маусым 2015
  • 494
Фото - Caravan.kz

 Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды;

Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды;


Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.