Елбасы РФ Президентіне Волгоград қаласындағы террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы РФ Президентіне Волгоград қаласындағы террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы РФ Президентіне Волгоград қаласындағы террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин?

  • 30 Желтоқсан 2013
  • 404
Фото - Caravan.kz

Волгоград қаласындағы террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың террорлық әрекет салдарынан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле қабылдағаны атап өтілген.

Қазақстан Президенті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтығын білдірген қолдау сөзін және барша Ресей Федерациясы халқына көңіл айтуын жеткізуді сұрады.


Мемлекет басшысы Қазақстан халқы терроризмнің кез келген түрі мен көрінісін батыл айыптап, барша әлемдік қоғамдастықты бұл зұлматпен күресу үшін ынтымақтастық аясын кеңейтуге шақыратынын атап өткен.