Жарияланды: 450

Елбасы заңға қол қойды

Елбасы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа

Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартты, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады, - деп хабарлайды http://24.kz/.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін