еліміздің «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысына арналған жалпыұлттық телекөпір басталды.
Телекөпір аясында жаңа индустриалды және инфрақұрылымдық нысандар іске қосылады. Сонымен бірге жүргізіліп жатқан құрылыстар таныстырылып, инфрақұрылымдық нысандар құрылысының басталуына арналған шаралар өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанда өндірілген тауарлардың, индустрияландыру бағдарламаларының маңызды жобаларының көрмесі және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрсетілімі ұйымдастырылуда.
Бүгін «онлайн» режімінде 10 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысын Орал-РФ шекарасы автожол учаскесі құрылысының басталуы және «Ақтау Теңіз порты» ЕЭА-нда 3 құрғақ жүк терминалы құрылысының аяқталғандығы туралы хабардар етеді. Сонымен бірге ҚР Президентіне 5 инфрақұрылымдық нысанның құрылыс барысы таныстырылады.
Айта кетерлігі, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта тек қана Индустрияландыру картасы аясында 20 жаңа жоба іске қосылады және 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.