Елбасының қолынан арнайы марапат алған ақын Қытай түрмесінде отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының қолынан арнайы марапат алған ақын Қытай түрмесінде отыр

Елбасының қолынан арнайы марапат алған ақын Қытай түрмесінде отыр

Қытай билігінің этникалық аз ұлттарға жасап жатқан саяси сүргіні жайлы біз түгілі әлемдік БАҚ дабыл қағуда. Еуропарламент пен Халықаралық Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Шыңжаңдағы шырғалаңға араша түсіп жатыр.

  • 5 Маусым 2018
  • 124
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де қол қусырып отыр дей алмаймыз. Қытайдың саяси оқыту лагерлері мен түрмелеріне нақақ қамалған 12 қазақстандықтың тоғызы босап шыққанын өткен аптада министр Қайрат Әбдрахмановтың өзі хабарлаған еді, деп жазды Абай.кз

Десе де, туыстары әм отбасы мүшелері Қытайда саяси түрмеге түскен және хабарсыз кеткен қазақстандықтар ел билігінен араша сұрап, бейнеүндеу жолдауда.

Осындай бейнеүндеудің бірін белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің «Facebook» желісіндегі жеке парақшасында бөлісіпті.

Онда Қытайдың саяси түрмесіне түскен ақын, жазушы Ертай Сұлтанбекұлының туыстары Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтан, СІМ-нен, Халықаралық Адам құқығын қорғау ұйымдарынан және Қоғамдық белсенді топ өкілдерінен көмек сұраған.

Бізге белгілі ақпарат бойынша, Ертай Сұлтанбекұлы 2018 жылы 25 маусымда Қытайдағы саяси түрмеге түскен.

ҚХР, Құлжа қаласы, Шапшал ауданында 1967 жылы туған. Жоғары білімді. Ақын. Ұстаз.

2004 жылы «Нұр-ағаның монологы» атты поэмасы үшін Елбасының қолынан арнайы марапат алған. Ақынның бауырлары атқамінелерден көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады.

«Біз Қазақстан Республикасының азаматтары Жеңісбек Сұлтанбекұлы, Нұргүл Сұлтанбекқызы, бауырымыз Елтай Сұлтанбекұлының 2018 жылдың 25-маусымында Қытайдың саяси оқыту лагеріне түскенін білдік. Жалынайын сіздерге, осы ағама араша түсіп, көмектесулеріңізді сұраймын», —
деп жылап жіберді Нұргүл Сұлтанбекқызы.

Оқи отырыңыз:

Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді

Желіде “танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген гей” деген ақпарат тарап жатыр
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі

 

Соңғы жаңалықтар