Елбасының Жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының Жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды

Елбасының Жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жарлықтарымен Қазақстанның Грек Республикасындағы,  Жапониядағы және Украинадағы елшілері тағайындалды.

<

  • 22 Сәуiр 2016
  • 634
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

 Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

 Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды;

Алексей Юрьевич Волков Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;


Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.