Елдің халықаралық резервтері ақпанның бірінші жартысында 0,9%-ға азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің халықаралық резервтері ақпанның бірінші жартысында 0,9%-ға азайды

Елдің халықаралық резервтері ақпанның бірінші жартысында 0,9%-ға азайды

Алматы. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың бағасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 21 686,1 млн. доллар), 2008 жылғы ақпанның бірінші жартысында 0,9% азайып, 40 348,7 млн доллар болды.

  • 19 Ақпан 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2008 жылғы ақпан айының бірінші жартысында ақша базасының 0,1% немесе 2,2 млрд теңге тарылуына себепші болды.

2008 жылғы ақпанның бірінші жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағамен 2,6% немесе 498,5 млн долларға азайды.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктегі Үкіметтің шотына валютаның түсуі Ұлттық банктің Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялары мен екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың азаюымен бейтараптандарылды.

2008 жылғы ақпанның бірінші жартысында алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 1,4% арзандауы нәтижесінде 28,0 млн долларға, ал таза валюта қоры 470,5 млн долларға азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті