Жарияланды: 470

Елдің халықаралық резервтері тамыздың бірінші жартысында 0,8% азайды

Алматы. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері тамыздың бірінші жартысында 0,8% азайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын-ала деректер бойынша 26 102,0 млн доллар) айдың басынан бері 0,8% азайып, 46 617,5 млн долларды құрады. 2008 жылғы тамыздың бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 2,4%-ға (немесе 514,9 млн. долл.) төмендеді. Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуі ж?не үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялармен және үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуімен бейтараптандырылды. Н?тижесінде, таза валюта қорлары (СКВ) 262,4 млн долларға азайды, жүргізілген операциялар ж?не ?лемдік нарықтардағы бағасының 8,7% төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 252,4 млн долларға төмендеді. 2008 жылғы тамыздың бірінші жартысында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің өсуі ақша базасының 3,6%-ға (немесе 60,4 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін