Жарияланды: 190

Елдің Ұлттық банкі халықты ұсақ ақшаны жинамауға шақырды

Елдің Ұлттық банкі халықты ұсақ ақшаны жинамауға шақырды

Тәжікстанның Ұлттық банкі азаматтарды метал дирамдарды (тәжік тиыны) үйлерінде сақтамауға, айналымға шығаруға шақырды.

Билік дирамды үйінде сақтау майда ақшаның тапшылығына әкеледі дейді. Қазірдің өзінде сауда орындарында және қоғамдық көліктерде ақша ұсақтау қиынға соғып жатқан көрінеді, деп хабарлады centralasian.org

Рудаки ауданының тұрғындары Фуруг пен Якуб Назаровтар метал дирам жинағанды жақсы көреді. Олар соңғы төрт айда майда ақша жинап, әрқайсысы 300 сомониге жеткізген.

Такси жүргізушісі Оятулллох Камаров жол ақысы 1 сомони 60 дирамды құрайтынын, бірақ көбінде жолаушылар 2 сомони не одан да ірі ақша беріп, қайтарым сұрайтынын айтады. «Бірақ менде ұсақ ақша бола бермейді, жолаушыларға майда дирам қайтару қиынға түседі», - дейді ол.

Тәжікстандағы қаржы мекемесі қызметкерінің бірі Мехрубон Бурхонова Ұлттық банктің үндеуі ұсақ ақшаға қатысты мәселені шешпейтінін айтады. «Ұлттық банк майда дирамды көптеп шығару керек, сол кезде проблема болмайды», - дейді ол. Мәселені шешудің тағы бір жолы - қазіргі заманауи әдіспен, төлем карталарын енгізу керек деп есептейді Мехрубон Бурхонова.

Тәжікстан Ұлттық банкі бір жарым жыл бұрын ұсақ қағаз ақша тез ескіріп кететіндіктен, метал дирамдар шығарамыз деп мәлімдеген.

Соңғы рет 2015 жылы жалпы көлемі 31 млн сомони ($3,2 млн) ұсақ ақша айналымға шығарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін