Елес қуған жігіт секіріп өлмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елес қуған жігіт секіріп өлмек болды

Елес қуған жігіт секіріп өлмек болды

Атырау тұрғыны өз-өзіне қол салам деп, қаланың құтқару қызметін біраз әбігерге салды. 24 жастағы жігіт сауда орталығының төбесіне шығып секірмек болған.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 199
Фото - Caravan.kz


Куәгерлердің шақыруымен оқиға орнына жеткенқұтқарушылар оны жарты сағаттай райынан қайтуға үгіттеп ақыры сатымен жерге түсіріп алды. Бірден сол жерде қолына кісен салды. Сөйтсе, суицидке ұмтылған жігіт ішімдіктен де сілтеп, есірткіге де елігіп алған екен. Айтуынша, соңынан әлдекімдер қуып, сол себепті сауда орталығының төбесіне шығып кеткен. Енді ел-жұртты дүрліктірген бұзақы заң алдында жауапқа беретін болады.