Жарияланды: 580

«Е-лицензиялау» сыртқы порталында өтінім беру қызметі уақытша тоқтатылды

«Е-лицензиялау» сыртқы порталында өтінім беру қызметі уақытша тоқтатылды

«Е-лицензиялау» сыртқы порталында өтінім беру сервисі 2015 жылдың 10 тамызына дейін тоқтатылды,

деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Хабараламада айтылғандай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылы 21 қаңтардағы №34 «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының бекітілуіне байланысты «Е-лицензиялау» электрондық портал жүйесіне радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану пайдалануға рұқсат алу бөлімінде жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 
«Жоғарыдағыны ескере отырып, «Е-лицензиялау» сыртқы порталында радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану пайдалануға рұқсат алу бөлімі 2015 жылдың 10 тамызына дейін уақытша тоқтатылды», делінген онда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін