Елімізде 200 апатты мектеп бар - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 200 апатты мектеп бар

Елімізде 200 апатты мектеп бар

Елімізде 200 апатты мектеп бар. Бұл туралы «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасында қонақ болған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.

  • 16 Желтоқсан 2013
  • 615
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, осы жылдың ішінде ғана республика аумағында шамамен 150 мектеп салынған. Ал жаңа бюджетте тағы да үлкен 50 мектеп салу қарастырылып отыр. Бұл ретте айта кетерлігі, 500-ден артық орынды мектептердің құрылысы республикалық, ал 200-ге дейін орынды мектептер жергілікті бюджет есебінен салынады.

«2012 жылы облыстар шамамен 70 апатты мектеп бар екендігін хабарлаған болатын. Ал Білім және ғылым министрлігі өзінің бақылау департаменттері арқылы тексеру жүргізгенде апатты мектептердің саны 200-ге жетті», — деді А.Сәрінжіпов.