Жарияланды: 740

Елімізде 2003 қаңтар-тамыз айларында тіркелген қылмыстардың саны 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,2% қысқарып, 79,7 мың болды, олардың 21,1% әйелдерге жасалған

Елімізде 2003 қаңтар-тамыз айларында тіркелген қылмыстардың саны 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,2% қысқарып, 79,7 мың болды, олардың 21,1% әйелдерге жасалған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, 2003 жылдың қаңтар-тамызында республика бойынша тіркелген қылмыстар саны әрбір 10 мың адамға шаққанда 80,5 оқиғаны құрады. Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (91-ден 124-ке дейін) Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында байқалды. Қылмыстардың құрылымында жоғары үлестік салмақ ауыр қылмыстар - 20%, аса ауыр - 2,7%, орташа ауыр - 60,8% және ауырлығы шамалы - 19,5% қылмыстардың еншісінде. Үстіміздегі жылдың 8 айында республиканың құқық қорғау органдары экономика саласындағы 9,1 мың қылмысты әшкереледі (2002 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейдің 90,9 %). Экономикалық бағыттағы қылмыстар саны республиканың 5 өңірінде, атап айтқанда Атырау (124,6%) облысында, Астана (104,3%) және Алматы (102,7%) қалаларында жоғары қарқынмен өсті. 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда есірткіге қатысты қылмыстардың жалпы саны 7,9% азайды. Есірткілік құралдарды немесе психиканы бұзатын заттарды өткізу мақсатында заңсыз әзірлеуге, сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға байланысты қылмыстар саны 2,5% өсті. 2003 жылдың қаңтар-тамызында бұл санаттағы қылмыстардың ашылуы 91,2% құрады (өткен жылғы осы кезеңде 89,5% еді). Әскери қызметкерлер жасаған қылмыстардың саны елеулі түрде қысқарды (2002 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейдің 42,7%). Осы бағыттағы тіркелген қылмыстар санының 39,6%-і - бөлімді немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кету, 22,5% - билігін пайдаланып, қиянат жасау, билікті асыра пайдалану немесе әрекетсіздік, 19,5% - өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу, 3,3% - қашқындық қылмыстар құрады. Есепті кезеңде тексерілген қылмыстар бойынша республиканы тұтастай алғанда материалдық залалдың анықталған сомасы 24760 млн. теңге болды, оның 73,6% - экономикалық қызмет саласында және 20,1% - меншікке қатысты қылмыстардың үлесінде. Республикалық құқық қорғау мекемелері қылмыс жасаған 54,4 мың адамды анықтады (2002-жылғы осы кезеңдегіден 14,2% аз). 48,6 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмысы әшкереленген адамдардың 8,1% - жасы кәмелетке толмағандар, 12,7% - әйелдер, 3,4% - мемлекеттік қызметкерлер. Бұрын қылмыс жасаған адамдардың сыбағалы салмағы - 13,6% (2002 жылғы қаңтар-тамызда - 12,6%). Қазақстан бойынша орташа алғанда әрбір оныншы қылмыскер қылмысты мас күйінде, әрбір төртінші қылмыскер оны топ құрамында жасаған. Қылмыстары әшкереленген барлық адамдардың басым бөлігін, яғни, 71,1%-ін жұмыссыздар иемденеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін